Колледжімізде тілдер апталығы аясында студенттерге түрлі қызықты сұрақтар қойылды. Басты мақсат – жастардың тілге деген көзқарасын білу, ой-пікірін еркін айтуға мүмкіндік беру.
«Тіл – тәрбие тірегі, адал азамат – ел тірегі» атты апталық ұранымыз жастардың бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, көптілділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Студенттердің әрбір жауабы – тілге деген құрметтің, патриоттық сезімнің, болашаққа деген сенімнің айқын көрінісі. Бұл сұхбат олардың жан-жақты ойлай алатынын, тілге, тарихқа, мәдениетке бейжай қарамайтынын дәлелдеді.
Тіл – біздің ең басты байлығымыз, ал оны сақтау – әрқайсымыздың парызымыз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі