Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Астанада колледж директорлары мен кәсіпкерлердің басын қосқан форум өтті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында екіжақты кездесу ұйымдастырды. Саладағы маңызды мәселелер талқыланды. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары бұл жиында студенттерді жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруға мүмкіндік алды. Ал компаниялар өз сұранысын айтып, қызметкерлерінің қатарын сапалы жас кадрлармен толықтыруға ниет білдірді. Жиынға қаладағы 20 шақты колледж бен 60 жұмыс беруші кәсіпкер қатысты.

 Мырзабек Көжімов, Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің директоры:

Білім мекемесі өз бетімен білікті маман дайындай алмайды. Қазір білікті маман дайындау жұмыс берушімен бірге жүзеге асады. Осы мәселені біз қазір жұмыс берушімен талқылап жатырмыз. Жұмыс берушілердің қазір рөлі өте күшейді деп айтуға болады. Білім мекемелеріне олар жай кірмейді: оқу бағдарламасына өзгеріс енгізе алады, өз талабын айта алады. Бұрын ондай жоқ еді.

Ақниет Болтанова

Бүгін, 2025 жылдың 16 мамырында, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттерінің арасында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталған WorldSkills Astana 2025 X қалалық чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті.

 Кәсіби шеберлік конкурсына Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің студенттері 17 құзыреттілік бойынша қатысады!

Қатысушыларға сонымен қатар эксперт-компатриоттарға кәсіби табыс және жеңіс тілейміз!

 WorldSkills — жай ғана конкурс емес. Бұл еңбек, талант және жоғары жетістіктерге ұмтылу бағаланатын болашаққа арналған алаң!

Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек.

 

Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Отаншылдығы мен жанқиярлығы – үлгі-өнеге. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ешқашан ұмытпаймыз!

5 мамыр күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Отаншылдық және спорт-ұлттың рухы» дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері апталығының барысында «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мерекелік «Ел тірегі - рухты сарбаз» саптық және ән - шеру, спорттық , әскери жаттығулар сайысы өтті.

 

Мұндай шаралар студенттердің патриотизмін арттыру, әскери қызметке, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Сайыстың қонағы ретінде ҚР Қарулы күштерінің және ауған соғысының ардагері Сәрсенхан Әзімбайұлы қатысты.

“Салауатты өмір салты, біз спортты жақсы көреміз»

 

2 мамыр күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Дене тәрбиесі және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің апталығы аясында “Салауатты өмір салты, біз спортты жақсы көреміз» І курс студенттері, топ жетекшілерінің арасында сергітетін және ұйымшылдықты арттыратын көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен достықты нығайту болды.

Ойын барысында әр командалар бірнеше кезеңнен тұратын эстафеталық сайыстарға қатысты. Олар жылдамдық, ептілік және ұжымдық үйлесімділікті талап ететін түрлі тапсырмаларды орындады. Жылдамдыққа жүгіру, дөңгелектен өту, «Қырықаяқ», «Вертолет» ойындары ерекше қызықты болды. Студенттер бұл шарадан үлкен қуаныш алып, дене шынықтырудың маңыздылығын түсінді. Ойындар студенттердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, командалық рух береді, ұйымшылдық пен достыққа тәрбиелейді.

1 бет. Барлығы: 63

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.