Бүгін колледжімізде Тілдер апталығы аясында «Ұлы даланың ұлы ақындары» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш барысында студенттер ұлы ақындардың шығармашылығына терең үңіліп, жүрекке жеткен жырлар мен әуезді әндерді орындады.
Әдеби кеш Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұқағали Мақатаев, Жұбан Молдағалиев, сондай-ақ Уильям Шекспир, Александр Сергеевич Пушкин, Константин Михайлович Симонов, Перси Биши Шелли сияқты әлем әдебиетінің алыптарына арналды.
Өлең оқу, ән айту, әсерлі көріністер мен интерактивті ойындар кештің мазмұнын байытып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Мұндай кештер студенттердің әдебиет пен поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұлттық және әлемдік құндылықтарды тоғыстырады.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз..


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі