Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде «ҚАЗАҚ ӘН ӨНЕРІ – РУХАНИ ҚАЗЫНА» атты әдеби-сазды кеш өтті.

 

 Кештің басты мақсаты:

– Қазақ халқының ұлттық әндері мен толғаулары арқылы рухани білім мен тәрбиенің мәнін ашу;

– Сал-серілер шығармашылығындағы адалдық, әділеттілік, елге қызмет ету идеяларын насихаттау;

– Ән мен толғауды тек өнер туындысы ретінде ғана емес, рухани ілімнің қайнар көзі ретінде көрсету.

 

 Баяндамалар:

 «Ақан сері мұрасындағы серілік пен сыршылдық: «Маңмаңгер» және «Балқадиша» әндерінің көркемдік ерекшелігі», қорғаған студенттер:

Жақсылық Әлинұр (БҚЕ-9-25-2), Тамерланова Мадина (М-9-25-1)

 

«Туған жерге сағыныш пен үміт үні – «Самалтау», қорғаған студенттер:

Каримов Әбдіғали (М-9-25-1), Базархан Қарақат (БҚЕ-9-25-2)

 

 «Жастықтан даналыққа дейінгі жол: «Ойламаңдар, жігіттер» әнінің тәлімдік мәні», қорғаған студенттер:

Хасен Бейбарыс (ЕТ-9-25-2), Қайым Бекнұр (УА-9-25-1)

 

«Сарыарқа – ұлы дала жыры» (Ақселеу Сейдімбек, Несіпбек Айтұлы), қорғаған студенттер:

Сагадиева Саяра (М-9-25-1), Мәдібек Кәусар (БҚЕ-9-25-2)

 

 Кеш қонағы – халық әндерін орындаушы, сал-серілер өнерін жалғастырушы Данияр Мұқан. Ол студенттердің баяндамаларында талданған әндерді де, сонымен қатар «Тау ішінде», «Үлпілдек», «Сегізаяқ», «Молдабайдың әні» сияқты халық қазынасының інжу-маржандарын орындап берді.

 

 Нәтижесінде студенттер:

 ұлттық өнердің тәрбиелік әрі рухани ықпалын сезінді;

 адалдық пен елге қызмет етудің құндылықтарын ұғынды;

 ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттырылып, рухани дүниесі байыды.

 

 Қазақ әні – халқымыздың мәңгілік қазынасы, ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.