Адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік – бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің басты құндылықтары. Осы бағытта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 7 тамыздағы №05-1-05-4/5351-И хатын орындау мақсатында колледж педагогтеріне арналған каскадты оқыту семинары өтті.
Семинарды колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Танирбергенова А.Е. жүргізіп, бағдарламаның негізгі мазмұны мен жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты түсіндірді. Іс-шара барысында педагогтер:
«Адал азамат» бағдарламасының негізгі қағидалары мен құндылықтары;
Оқу орнының тәрбие жұмысындағы жоспарлау және ұйымдастыру әдістері;
Студенттердің бойында әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру жолдары;
Педагогтердің тәжірибе алмасуы және тиімді әдістемелерді енгізу мүмкіндіктері
сияқты маңызды тақырыптарды талқылады.
Семинар пікір алмасу, тәжірибелік тапсырмалар және сұрақ-жауап форматында өтті. Педагогтер жаңа идеялармен бөлісіп, оқу-тәрбие процесінде қолдануға болатын тың тәсілдерді қарастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы студенттердің бойына адалдық пен адамгершілік құндылықтарын сіңіру, қоғамға жауапты тұлға тәрбиелеу.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі