2025 жылғы 2 қазан күні колледжімізде қос мерекеге – Техникалық және кәсіптік білім беру күніне және Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздар-ұлы тұлға» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, одан кейін колледж директоры Кужимов Мырзабек Төребекұлының құттықтау сөзі және ұстаздарға арналған Алғыс хаттар табыстаумен жалғасты.
Іс-шара барысында студенттер ұстаздарына деген құрметі мен алғысын шығармашылық қойылымдар, ән-жыр, би және жүрекжарды тілектер арқылы жеткізді. Сонымен қатар колледждің білім беру саласына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Мерекелік жиында колледж басшылығы ұстаздарға ыстық ықыласын білдіріп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Бұл мерекелік шара ұстаздар мен студенттердің бірлігін арттырып, жас ұрпақты білім мен еңбекқорлыққа баулудағы мұғалімдердің рөлін айқындай түсті.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі