Өзін-өзі басқару күні
Мұғалімдер күніне орай колледжімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ерекше форматтағы Өзін-өзі басқару күні өтті!
Бұл күннің мақсаты – студенттердің жауапкершілігін арттыру, көшбасшылық пен ұйымшылдық қасиеттерін дамыту, ұстаз еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Бүгін студенттер бір күнге ұстаздар мен әкімшілік қызметкерлерінің рөлін атқарып, сабақ өткізіп, колледж өмірін өздері басқарды. Осындай тәжірибе жастарға педагог мамандығының жауапкершілігі мен маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында күннің қорытындысы жасалып, студенттер өз әсерлерімен бөлісті.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі