2025 жылғы 10 қазан күні арнайы пәндер оқытушысы Петько Елена Михайловна М-9-24-3 тобында 04140100 «Маркетинг (салалар бойынша)» мамандығының ПМ 2 «Ақпараттық-кеңестік қызметтер» кәсіби модулі бойынша «Маркетингтік ортаны зерттеу. Кәсіпорынның макро және микрожүйесін қалыптастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерге кәсіпорынның маркетингтік ортасы мен оның құрылымы туралы түсінік қалыптастыру, Астана қаласы мысалында талдау жүргізу, топпен жұмыс істеу және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сабақ мотивациялық бейнероликпен басталды. Сабақ барысында «Google форма» онлайн-құралы, «Зертте – Ұсын – Қорға» стратегиясы қолданылды. Сабақ соңында студенттер өз жетістіктері мен топтық жұмысқа қосқан үлесін бағалай алатын «Жетістік ағашы» рефлексия кезеңі өткізілді.
Көріп отырғанымыздай, сабақ барысында студенттердің белсенділігі жоғары болды, топ заманауи технологияларды тиімді пайдаланды. Сонымен қатар, студенттер мамандыққа деген сүйіспеншілік, кәсіпкерлікке бағытталу және алған білімдерін өмірде қолдану сияқты дағдыларды меңгерді.
Кирпичева Н.Н.: Петько Е.М.-ға және колледж әкімшілігіне ашық сабаққа қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіремін. Балалардың қалай оқитынын, топпен қалай жұмыс істейтінін және материалды қалай ұсынатынын көру өте қуанышты. Елена Михайловнаның сабағы өте қызықты және мазмұнды өтті. Оқытушы мен студенттердің арасындағы байланыс айқын көрінді. Қызымның ВКК-де оқып жүргеніне қуаныштымын.
Задеба А. әжесі: Шақырғандарыңызға үлкен рақмет. Елена Михайловнаға осы сабақ үшін ризашылығымды білдіремін. Сабақ өте танымды өтті. Барлық балалар жақсы дайындалған. Тілек — жақсы оқу, қызықты тәжірибе және колледжді сәтті аяқтау.
Ыдырыс Тамерланның анасы: Ұлымның колледждегі ашық сабағына қатыстым. Өте жылы атмосфера ұнады. Оқытушы сабақты түсінікті, қызықты және студенттерді белсенді түрде қатыстыра отырып өткізді. Сабақтағы ахуал достыққа толы, балалар белсенді. Ата-аналар үшін осындай ашық сабақтар жиі өткізілсе екен деймін.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі