Алло, біз таланттарды іздейміз!» байқауы
9–10 қазан күндері Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде 1-курс студенттері арасында дәстүрлі «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты шығармашылық конкурс өтті.
Байқаудың мақсаты — студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге қызығушылығын арттыру және жас таланттарды қолдау.
Конкурс 5 номинация бойынша өтті:
Ең үздік әнші
Ең үздік ұлттық би
Ең үздік аспапта ойнаушы
Ең үздік монолог
Ең үздік флешмоб
Барлығы 12 топ өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Байқау соңында жеңімпаздарға арнайы мадақтама қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Бұл іс-шара жас таланттардың шабытын оятып, шығармашылық орта мен достық рухты нығайтты!
#Қазтұтынуодағыжоғарыколледжі
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі