2025 жылғы 14 қазанда Казтұтынуодағы Жоғары колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенттері үшін әлеуметтік серіктес, тәжірибелі бухгалтер Аубакирова Н.Г. «Кассалық операциялардың есебі» тақырыбында 1С:Кәсіпорын бағдарламасында практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер кассалық құжаттарды дұрыс рәсімдеу, кассалық кітап жүргізу және ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша операцияларды 1С бағдарламасында көрсету жолдарын үйренді. Студенттерге өз бетінше практикалық тапсырмаларды орындап, теориялық білімдерін нақты мысалдар арқылы бекіту мүмкіндігі берілді.
Мұндай сабақтар болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және бухгалтерлік есеп пен аудит саласында табысты жұмыс істеуге дайындалуына ықпал етеді.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі