Болашақ мамандарға жол ашқан “Ашық есік күндері”!
20–22 қазан аралығында біздің колледжде мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында “Ашық есік күндері” өтті!
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды колледж өмірімен, мамандықтар әлемімен таныстырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу болды.
Келген қонақтарға колледждің тарихы мен жетістіктері таныстырылып, оқу ғимараттарының, зертханалардың және шеберханалардың мүмкіндіктері көрсетілді.
Әр бөлімнің мамандары мен студенттері өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы баяндап, оқу процесінің тәжірибелік маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білім алу жүйесі, қабылдау шарттары мен оқу мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды.
“Ашық есік күні” – бұл мектеп оқушыларына өз болашақ мамандығын дұрыс таңдау жолында бағыт көрсететін маңызды шара. Осындай кездесулер арқылы біз жастарға кәсіби бағыт беріп, олардың арман-мақсаттарына жол ашамыз!
Біздің колледж есігі – білімге, ізденіске және табысқа ұмтылған жастар үшін әрдайым ашық!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі