ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ 25 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ!
24 қазан күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Қазақстан – Республикам менің» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік сезімді арттыру, еліміздің егемендік тарихына деген құрметті қалыптастыру болды.
Колледж директоры Мырзабек Төребекұлы өз сөзінде Егемендік декларациясының қабылдану тарихына тоқталып, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи маңызын атап өтті.
Ол декларацияда қабылданған 17 баптың өміршеңдігі мен ел тәуелсіздігіне басталған жаңа тарихи қадам екенін ерекше атап өтіп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Студенттер егемендік рухты оятқан, сананы сілкіндірген бабалар жолын жырмен жырлап, өз шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Мерекелік кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, колледж ұжымы мен студенттер ел бірлігінің, бейбітшіліктің қадірін тағы бір мәрте сезінді.
Мереке соңы көтеріңкі көңіл-күймен, «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі