28.10 күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері қатысып, жастармен заң бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру, тәртіп пен жауапкершілік тақырыптарында мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесудің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылықтың салдары мен оны болдырмау жолдарын түсіндіру. Спикерлер жастарды қоғамда белсенді, заңға бағынатын, адал азамат болуға шақырды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және құқықтық мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі