Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2025 жылғы 30 қазан күні Астана қ. Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінде “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында студенттер кәсіпкерлік қызметтің барлық кезеңдерінен іс жүзінде өтуге мүмкіндік алатын «Студент» оқу-өндірістік лабораториясының (ЖК «САДУАКАС») салтанатты ашылуы өтті. Жеке кәсіпкерлік арнайы пәндер педагогі Садуақас Г.Б. атына тіркелді.

Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты:

— Сарсенова-Серікбаева Айнұра Жақсынбекқызы, «Talap» КЕАҚ жобалық кеңсесінің жобалық менеджері;

— Жұмабекова Әсемгүл Жанаталапқызы, «1С Батыр» ЖШС директоры;

сондай-ақ студенттердің ата-аналары.

Зертхана аясында студенттер бизнес-жоспар құруды, нарықты талдауды, онлайн-режимде жеке кәсіпкерлікті ашуды, салықтық режимді таңдауды, Kaspi Pay арқылы кассаны және есепшотты тіркеуді, сондай-ақ 1С бағдарламасында жұмыс істеуді үйренеді.

Зертхананың ашылуы студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға, олардың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыруға және сауда мен бизнес саласында нақты жұмысқа дайындықтарын күшейтуге бағытталған.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.