«Студент» оқу-өндірістік зертханасындағы кәсіпкер-дублёр күні!
Осы күндері студенттер өздерін нағыз кәсіпкер рөлінде сынап көреді — жеке кәсіпкер қызметін дербес жүргізіп, 1С бағдарламасында жұмыс істейді, құжаттарды ресімдейді, есеп айырысуларды жүргізіп, тауарларды сатады.
Оқу барысында олар келесі дағдыларды меңгереді:• 1С:Бухгалтерия және 1С:Розница бағдарламаларында есеп пен сауданы жүргізу;
Kaspi Pay арқылы касса мен онлайн-төлемдермен жұмыс істеу;
келісімшарттар, шот-фактуралар және есептілікті ресімдеу;
қаржылық сауаттылық пен пайда талдау дағдыларын дамыту.
Мұндай тәжірибе студенттерге кәсіпкердің жауапкершілігін сезінуге, шешім қабылдауға және клиенттермен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл тәжірибе болашақ мамандардың дербестігін, жауапкершілігін, кәсібилігін, кәсіпкерлік ойлау қабілетін және өз күшіне деген сенімін қалыптастырады.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
