Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2025 жылдың 12- қараша күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Астана қаласының 9 сынып оқушылары арасында “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында ұйымдастырылған “IT-drive” қалалық байқауы өтті.

Байқауға Астана қаласының 6 мектебінен (№80,6,37,15,5,24) 30 оқушысы қатысты.

Іс-шара IT-мамандықтар саласындағы кәсіби құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Байқау турларына мыналар кірді:

 дербес компьютерді бөлшектеу және құрастыру;

 желіні орнату;

 веб-бетті әзірлеу;

 графикалық примитивтермен жұмыс;

 Python бағдарламалау тілінде tkinter кітапханасын пайдаланып графикалық қосымшаны құру;

сөзжұмбақтың шешу.

Байқау қорытындысын “Бағдарламалық қамтамасыз ету” және “Есептеу техникасы және ақпараттық желілер”мамандықтарының арнайы пәндер оқытушылары шығарды.

Колледж оқытушылары бағалау критерийлерін әзірледі, бұл ретте әрбір педагог өз бағыты бойынша қатысушылардың нәтижелерін бағалады.

Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, қалған қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алды.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

  

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.