17 Қараша — студенттер күні құтты болсын!
Студент болу – әркімге бұйыра бермейтін бақ. Бұл кезең — адамның өміріндегі ең жарқын, ең қызықты, жаңа тәжірибелер мен ұмытылмас оқиғаларға толы шақ. Достық, махаббат, алғашқы мақсаттар, өз-өзіңді тану, жауапкершілік сезіну — мұның бәрі студенттік өмірдің ажырамас бөлігі. Бүгінгі ерекше күнге орай жатақханада студенттер арасында көңілді ойындар ұйымдастырылды Жастар бір-бірімен жарысып, күліп, бірге уақыт өткізіп, нағыз студенттік атмосфераны сезінді.
Студенттік шақ – арман мен үміттің уақыты. Студент болу — жай ғана оқу емес. Бұл — өз өміріңді жаңа парақтан бастап, өз жолыңды табу. Осы күн әр студентке шабыт, энергия және жаңа мақсаттарға жетелейтін күш сыйласын!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі