2025 жылдың 18 қарашасында Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1–3 курс студенттерінің ата-аналары оффлайн және онлайн форматта қатысып, колледждің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі маңызды мәселелер талқыланды. Жиналыстың негізгі мақсаты — “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жайлы түсінік беру, колледж бен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, студенттердің оқу үлгерімін, тәртібін, кәсіби бағдарын және оқу процесінің сапасын бірлесе талқылау болды. Сонымен қатар ата-аналарға колледждің даму бағыттары, жаңашыл жобалар және студенттердің кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді. Біз жиналысқа қатысқан барлық ата-аналарға колледжіміз жайлы жылы пікірлері мен білдірген қолдаулары үшін алғыс айтамыз! Біз ата-аналармен тұрақты әрі тығыз байланыс орнату арқылы студенттеріміздің кәсіптік дамуы, тәрбиесі және сапалы білім алуы үшін ең қолайлы жағдай жасауға әрдайым дайынбыз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі