2025 жылдың 28 қараша күні Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының заң мәселелері жөніндегі директордың орынбасары Шажанбаев Жеңіс Болатұлы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан Қазтұтынуодағының жоғары колледжіне «Кәсіби маман» іріктеу байқауында «Жұмысшы кадрларды даярлайтын ең үздік колледж» номинациясын жеңіп алғаны үшін естелік сыйлық табыс етті.
Осындай ауқымды байқауларға қатысу және мойындалу – кадр даярлаудың қазіргі еңбек нарығы талаптарына толық сай келетінін жоғары деңгейде дәлелдейді!


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі