2025 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігі «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік еріктілер» күніне арналған және «Игі істер марафоны» жобасының қорытындысы бойынша гала-концерттік іс-шарасы өтті.
Бұл маңызды шара Тұран Университетінің қабырғасында өтіп, қаланың түрлі ұйымдары мен оқу орындары белсенді еріктілік қызметтері үшін марапатталды.
Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі аталмыш қалалық іс-шараға белсене қатысып, тәрбиелік және қайырымдылық бағытындағы атқарған жұмыстары үшін Алғыс хатпен марапатталды!
Бұл марапат – ұстаздар мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Біз әрдайым әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетіп, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға үлес қоса береміз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі