Жан тыныштығы – ұстаздың басты ресурсы
Бүгін психология апталығы аясында педагогтарға арналған тренинг өтті
Тренингтің басты мақсаты — педагогтардың шаршау мен эмоционалдық күйзелісін азайту, стрессті жеңуге көмектесу, ішкі ресурстарын қайта қалпына келтіру және өз бойындағы күш-қуаттарын сезінуіне жағдай жасау болды.
Тренинг барысында қатысушылар өз сезімдеріне назар аударып, ішкі тілектерін қағазға түсіріп, арман-мақсаттар картасын жасады. Жылы атмосфера, сенім мен қолдау — бәрі бірігіп, тренингті мағыналы әрі тұтас етті.
Бүгінгі кездесу — өзіңе уақыт бөлуге жасалған кішкентай, бірақ маңызды қадам болды
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі