Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2026 жылғы 12–20 қаңтар аралығында колледжде мектеп оқушыларына арналған “Ашық есік күндері”өткізілді.

 Аталған іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді колледждің білім беру бағдарламаларымен, материалдық-техникалық базасымен, мамандықтарымен және студенттік өмірімен кеңінен таныстыру.

 Ашық есік күндері аясында колледжге келген қонақтарға:

колледж туралы жалпы ақпарат беріліп,

мамандықтар бойынша таныстырылымдар өткізілді,

оқу кабинеттері, зертханалар мен шеберханалар таныстырылды.

 

 Сонымен қатар, қатысушыларға:

оқу процесінің ерекшеліктері,

дуальды оқыту жүйесі,

тәжірибеден өту мүмкіндіктері,

түлектерді жұмысқа орналастыру бағыттары туралы толық мәлімет ұсынылды.

 Ашық есік күндері талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, колледждің тыныс-тіршілігін жақыннан тануға үлкен мүмкіндік берді.

 Іс-шараға белсенді қатысқан барлық мектеп оқушыларына, ұстаздар мен қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

Болашақ талапкерлерді колледж қабырғасында қуана қарсы аламыз!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз  

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.