Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Астана қаласындағы мектеп оқушылары арасында волейбол жарысы өз мәресіне жетті!

 

23.01.2026ж. Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде қаладағы жалпы білім беретін мектептердің қыздар командалары арасында волейболдан тартысты жарыс аяқталды

 

 Аталған спорттық іс-шара Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды .

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру, салауатты өмір салтын насихаттау , сондай-ақ болашақ талапкерлерді 70 жылдық тарихы бар колледждің білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру .

 

Жарыс барысында қатысушы командалар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және бірлік пен ұйымшылдықты көрсете білді .

Сонымен қатар, мектеп оқушылары колледждің тарихымен, заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтарымен, оқу және колледж зертханасымен танысып, мектеп оқушыларына “шеберлік сабақтары” көрсетіліп, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды .

Астана қаласы бойынша барлығы-16 мектеп қатысып, 425 оқушы қамтылды

 

 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

 №31 мектеп-гимназиясы – 50 000 теңге

 №106 орта мектеп – 30 000 теңге

 №18 орта мектеп – 20 000 теңге

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Барша қатысушыларға спортта да, білімде де биік белестерді бағындырып, алдағы жарыстарда жаңа жеңістерге жете берулерін тілейміз!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз

  

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.