Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде №3 қалалық емхана МЦЗ «Жас Толқын» орталығының білікті мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыс жүргізілді
«Мінез-құлықтық қауіп факторлары: нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу» тақырыбында танымдық семинар өтті
Семинардың мақсаты – білім алушыларға салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Семинар барысында студенттер келесі мәселелерді талқылады:
салауатты өмір салты қағидаларын сақтаудың маңыздылығы;
зиянды әдеттердің адам денсаулығына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсері.
Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті болып отырған “Қызылша ауруы” тақырыбы да назардан тыс қалмады.
Студенттерге ақпараттық бейнеролик көрсетіліп, аурудың белгілері мен асқыну салдары туралы жан-жақты мәлімет берілді
Қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығы, оның алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді.
Іс-шара өте мазмұнды, қызықты әрі пайдалы өтті.
Белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салған және сұрақ қойған барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі