Адал Азамат” біртұтас тәрбие беру бағдарламасы аясында “Жасампаздық және Жаңашылдық” құндылықтарын жасөспірімдер бойына сіңіру, кәсіптік бағдар беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, 2026 жылғы 18 ақпанда Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында 9-сынып мектеп оқушыларына арналған «Кәсіби бағдар – дұрыс таңдау – табысты мансап» қалалық мамандақтар көрмесі өтті
Көрмеге біздің колледж де белсенді түрде қатысып, талапкерлерге білім беру бағыттарын таныстырды
Көрме барысында 9-сынып оқушылары өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, кәсіби бағдар алуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара жас түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби қызығушылығын арттыруға ықпал етті
«Кәсіби бағдар – дұрыс таңдау – табысты мансап» көрмесі – оқушылардың болашаққа нық қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Біздің колледж алдағы уақытта да жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі