Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Ақпан айының 24 і күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Бағдарламалық қамтамасыз ету» ЦК апталығы аясында «IT дода» атты IT дағдыларды шыңдау сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Іс-шараны арнайы пән оқытушылары Худабай Б. және Ергалиев И. өткізді.

Іс-шара мақсаты:

-Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру;

-ІТ технологияларға тажірибелік жұмыстар жасату

арқылы дағдыландыру;

-Командамен жұмыс жасауға үйрету.

Сыныптан тыс іс-шара сайыс түрінде өтті. Сайысқа 2-4 курс студенттері арасынан 5 команда қатысты.

Тапсырмаларды орындаған кезде ой, іс-әрекет шапшаңдығы және тәжірибелік дағдылар ескеріліп,

сәйкесінше ұпайлар тағайындалды.

Іс-шара 4 турға бөлінді.

I тур: Дербес компьютерді жинау. Әр командаға бір дербес компьютерді құрауға қажетті бөлшектер берілді, сол бөлшектер арқылы 20 минут ішінде жұмысқа жарамды дербес компьютер жинау қажет.

II тур: Жергілікті желіні баптау.

Әр командаға екі ноутбук, 1 хаб, желілік кабелдер, RG45 коннектор жане т.б. құралдар таратылды. Екі ноутбук арасындағы желіні баптау қажет. Осының бәріне 20 минут беріледі. Ең бірінші желі орнатқан команда жоғары ұпайға ие болады.

III тур: Web-бет әзірлеу

Тапсырма: Барлық командаға Photoshop форматында

макет беріледі. Сол макет бойынша HTML және CSS технологияларын қолданып Web-бет әзірлеу керек.

Тапсырманы орындауға 20 минут берілді. Ең толық және

сапалы орындаған топ жоғары ұпайға ие болды.

IV тур: Кроссворд шешу.

Тапсырма: Барлық командаға бір кроссвордты шешу керек. Тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Әрбір дұрыс табылған сөз үшін - 1 ұпай.

instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз

  

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.