2026 ж. 26 ақпан күні “Бағдарламалық қамтамасыз ету” ЦК апталығы аясында ЕТ-9-24-4 тобында арнайы пәндер оқытушысы Мырзалиева А.Қ. ашық сабақ өткізді.
Модуль/пән атауы: КМ 02. Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау.
Сабақ тақырыбы: Дербес компьютерді диагностикалау. Ақауларды анықтау және жоюдың бастапқы әдістері.
Сабақ барысында білім алушылар дербес компьютердің диагностикалау алгоритмін жасап, практикалық тапсырмаларды орындап, тест сұрақтарына жауап берді. Теория мен практиканы ұштастыру арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктері дамытылды. Сабақта педагог заманауи цифрлық технологияларды, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі