1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
27.02 күні колледжімізде «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында челлендж ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті, бауырмалдық пен ризашылық құндылықтарын қалыптастыру.
«Жүректен жүрекке» бастамасы аясында колледж ұстаздары мен студенттері бір-біріне алғыс білдіріп, мейірім мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл мереке – тарихты құрметтеудің, татулық пен достықты нығайтудың айқын көрінісі.
Бірлігіміз бекем, жүрегіміз мейірімге толы болсын!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі