Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Ақпан айының 6 жұлдызында А-9-25-2 және ЕТ-9-25-4 топтарының студенттерімен бірге Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне арналған «Ұшқан ұя – тектілік пен тәрбие мектебі» атты әдеби отырыс өткізілді. Бұл кеш – жай ғана кітап талдауы емес, ұлттық рух пен отбасы құндылықтарын дәріптеген тағылымды кездесу болды. Студенттер шығарма мазмұнын саралап қана қоймай, ондағы тектілік, үлкенге құрмет, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана өнегесі сияқты асыл ұғымдарды жүрек сүзгісінен өткізіп, терең ойларымен бөлісті.

Бауыржан Момышұлы шығармасындағы ұлттық тәрбие мектебі – бүгінгі жас ұрпақ үшін де өмірлік бағдар екені анық.

 Іс-шараның мақсаты –

• Жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеру;

• Әдебиетті сүйетін орта қалыптастыру;

• Ойлау мәдениетін дамыту.

Осындай әдеби кездесулер студенттердің рухани дүниесін байытып, кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз  Іс-шараны ұйымдастырушылар:

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – Мухамбеткалиева Г.Ш.

 Кітапхана меңгерушісі – Карипова Г.И.

 

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.