2026 жылғы 31 тамызда Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде 2026–2027 оқу жылына арналған алғашқы Педагогикалық кеңес өтті.
Кеңес барысында жаңа оқу жылына қойылатын негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, білім беру сапасын арттырудың басым бағыттары белгіленді:
оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру;
білім сапасын арттыру;
дуальды оқытуды жетілдіру;
әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту;
цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесіне енгізу;
студенттердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктерге бастайтын қадам!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжі ұжымына жаңа оқу жылында толайым табыс, шығармашылық ізденіс және биік жетістіктер тілейміз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі