Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2026 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде №1 әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, ТжКБ білім беру бағдарламаларын Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу тәртібі, пилоттық жоба аясында педагогтерді аттестаттаудың ерекшеліктері, сондай-ақ колледж педагогтерінің әдістемелік жұмысын және біліктілігін арттырудың негізгі бағыттары қарастырылды.

Ақпараттық баяндамалармен:

оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Кусаинова Д.Г.;

оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Суюндикова С.О.;

әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Нурмагамбетова А.Б. сөз сөйледі.

Әдістемелік кеңестің жұмысына колледждің барлық педагогикалық ұжымы қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша жаңа оқу жылында педагогикалық ұжымның жұмысын жетілдіруге бағытталған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Олар білім беру процесінің сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуге және колледждің оқу-әдістемелік жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған. 

 instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

  

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.