Жақындарыңызға жақсы көретініңізді айтыңыз!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде А-9-26-2 тобының кураторы Сеитова Гүлдариға Хамитқызы отбасы құндылықтарына арналған кураторлық сағатты ерекше форматта өткізді.
Сабақ барысында студенттер өз отбасыларына қоңырау шалып, жақындарына деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Күнделікті қарбаласта айтыла бермейтін «Мен сіздерді жақсы көремін!» деген жылы сөздер осы кездесудің ең маңызды сәтіне айналды.
Кейде көңілге қуаныш сыйлау үшін бір қоңырау мен шын жүректен айтылған сөз жеткілікті. Мұндай бастамалар жастарға отбасының қадірін түсінуге, сезімдерін ашық білдіруге және жақындарына қамқор болуға үйретеді.
Мазмұнды әрі жүрекке жылу сыйлайтын кураторлық сағат ұйымдастырғаны үшін Гүлдариға Хамитқызына алғыс білдіреміз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі