Отбасы — әр жүректің ең жылы мекені!
Отбасы күніне орай Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алатын БҚЕ-9-26-2 тобының 1-курс студенттеріне «Менің отбасым» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер өз отбасылары туралы эссе жазып, отбасы мүшелерін таныстырды. Жүрекке жылу сыйлайтын отбасылық фотосуреттерімен бөлісіп, жақындарына деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, студенттерге жақын жандарын қадірлеудің маңызын ұғындырған мазмұнды кураторлық сағат үшін топ кураторы Досанова Жумагуль Курманғалиқызына алғыс білдіреміз! Еңбегіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!
Отбасы — мейірім мен махаббаттың бастауы, өмірдегі берік тірегіміз. Әр шаңырақ шаттыққа, әр жүрек жылылыққа толы болсын!


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
