Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Отбасы – өмірдің тірегі!

Отбасы – мейірім мен сүйіспеншіліктің, сенім мен қолдаудың мекені. Әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылықтар да отбасынан бастау алады.

Отбасы күніне орай Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің педагог-психологы Марал Айжан Дүйсенқызы А-9-26-2 тобының студенттерімен «Отбасы – өмірдің тірегі» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – студенттердің отбасылық құндылықтар туралы түсінігін кеңейту, жақындарына деген құрметін арттыру және өзара түсіністіктің маңызын ұғындыру.

Кездесу барысында сыйластық, сенім, қамқорлық, қолдау мен жауапкершілік тақырыптары қозғалды. Студенттер отбасы бірлігінің маңызына үңіліп, жақындарын бағалау мен оларға жанашырлық таныту туралы ой түйді.

Берекелі отбасы – берекелі қоғамның негізі!

 instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.