Болашақ мамандар HoReCa EXPO ASTANA көрмесінде!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының студенттері Астана қаласындағы МВЦ EXPO халықаралық көрме орталығында 2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында өтіп жатқан “HoReCa EXPO ASTANA”халықаралық көрмесіне барды.
Мейрамхана және қонақүй бизнесіне арналған көрмеде заманауи жабдықтар, азық-түлік өнімдері, қызмет көрсету мен басқару шешімдері, сондай-ақ гигиена және санитария бағытындағы өнімдер ұсынылды.
Студенттер саладағы жаңалықтармен танысып, кәсіби қызметте қолданылатын технологиялар мен жабдықтарды көруге мүмкіндік алды.
Осындай танымдық сапарлар теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі ізденіс — ертеңгі кәсіби жетістіктің бастауы!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі