18 қыркүйек күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің акт залында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағыты аясында «Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы ПБ ҚҚБ УПИ ЮПБ полиция майоры О.Қ. Татипанова өткізді.
Кездесу барысында 1-курс студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу, әкімшілік жауапкершілік, буллинг, интернет-алаяқтық және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Заңды білу және сақтау — қауіпсіз қоғамның кепілі!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі