Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ҚАЛА, ТАЗА БОЛАШАҚ!

2026 жылғы 19 қыркүйек күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің студенттері топ кураторларымен бірге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке белсене қатысты.

 Сенбілік барысында студенттер мен педагогтер колледж ауласы мен оған іргелес аумақтарды қоқыстан тазартып, отырғызылған ағаштардың түбін ретке келтіріп, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

 Мұндай игі шаралардың тәрбиелік маңызы зор. Сенбілік – тек аумақты тазалау ғана емес, жастардың бойында экологиялық мәдениетті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті және туған қаласына деген жанашырлықты қалыптастыратын маңызды бастама.

Тазалық әрқайсымыздан басталады. Қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарау және туған қаламыздың көркеюіне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет.

 Сенбілікке белсенді қатысып, жақсы үлгі көрсеткен студенттеріміз бен топ кураторларына алғыс білдіреміз!

 Таза қала – таза орта – жарқын болашақ!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.