Жылы қарым-қатынас – берік достықтың бастауы!
Отбасы күніне орай Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің жатақханасында қыздармен бірге еркін әрі жылы форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қыздар өзара пікір бөлісіп, бір-бірімен жақынырақ танысты. Еркін әңгіме мен ортақ уақыт өткізу арқылы студенттер арасында достық қарым-қатынас пен қолдау атмосферасы орнады.
Мұндай кездесулер өзара сыйластық, мәдени қарым-қатынас, бірлік пен ұйымшылдық сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Басты мақсат – әр студент өзін жайлы сезінетін, бір-бірін қолдайтын және тату орта қалыптастыру.
Бірлік бар жерде – жылулық бар. Ал өзара қолдау бар жерде – берік қарым-қатынас қалыптасады!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі