ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫҢ НЕГІЗІ
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағыты аясында 1-курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Байқоңыр ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Ахметова Айгерім Ерғалиқызы қатысып, құқықтық сауаттылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының лекторы Қуатов Арулан студенттерге діни сауаттылық, дәстүрлі құндылықтар және теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында дәріс оқыды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.
Заңға құрмет, жауапкершілік пен адалдық – саналы азаматтың басты құндылықтары!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі