Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Тіл – бірлік бастауы, көшбасшылық – болашақ бағдары!

Тілдер күніне орай Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің жатақханасында студенттік белсенділердің қатысуымен еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттер қазақ тілінде өлең оқып, ұлттық би орындап, шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Жоғары курс студенттері 1-курс білім алушыларымен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, олардың колледж өміріне бейімделуіне қолдау көрсетті.

 Іс-шараның мақсаты – жастардың көшбасшылық қасиеттерін, бастамашылдығын, жауапкершілігін және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ студенттер арасындағы достық пен өзара қолдауды нығайту.

 Кеш барысында қатысушылар бір дастархан басына жиналып, еркін әңгімелесіп, жаңа таныстықтар орнатып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 Тіл – татулықтың тірегі, бірлік – мықты команданың негізі!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.