«Тілдік экожүйе: Дәстүрден – трендке» атты тіл апталығы басталды!
2026 жылдың 21 қыркүйегінде «Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде» Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында «Тілдік экожүйе: Дәстүрден – трендке» атты тіл апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Колледж фойесінде ұйымдастырылған шарамыз студенттер мен педагогтерге керемет көңіл-күй сыйлады! Шара барысында арнайы бейнебаян көрсетіліп, әсем әуен мен ансамбльдің орындауында күй тартылды.
Шараның басты ерекшелігі:
«Үш тұғырлы тіл» жасанды интеллект бағдарламасындағы арнайы викторина айдары ойнатылды.
Қатысушыларға қызықты тапсырмалар берілді.
Жиналған қауым алдағы күндері өтетін апталық бағдарламасымен толық танысты.
Мақсатымыз:
Студенттердің көптілділік (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) құзыреттілігін арттыру.
Қазақстан этностарының мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен ұштастыра отырып дәріптеу.
Алдағы күндері өтетін ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар мен шығармашылық байқауларды жіберіп алмаңыздар! Тілдер мерекесі құтты болсын!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі