«Кітап оқитын ұлт» – ұлт болашағының кепілі!
23 қыркүйек күні тілдер апталығы аясында студенттеріміз үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Елімізде кеңінен насихатталып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау және жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында студенттеріміз ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына арнайы барды. Олар кітапхананың бай қорымен, құнды әдебиеттермен және тарихи мұралармен танысып қайтты.
Экскурсия мақсаты:
Студенттердің тарихи-мәдени мұраға қызығушылығын арттыру.
Шараның нәтижесі:
Бұл саяхат арқылы студенттердің тарихи-мәдени білімдері кеңейіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметі артты. Кітап оқуға деген ынтасы оянып, рухани азық алды.
Экскурсияға М9-26-1 тобының студенттері қатысты.
Ұйымдастырушы жауапты оқытушылар: Мукашева А.Т. және Сеитова Г.Х.
Кітап – сарқылмас қазына, білімнің қайнар көзі! Оқитын ұлттың ұрпағы қашанда білімді, бәсекеге қабілетті әрі саналы болмақ.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі