Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде 2026 жылғы 28 қыркүйекте Тілдер апталығы аясында «AUTUMN BALL 2026» мерекелік байқауы өтті. Іс-шара ағылшын тілінде ұйымдастырылып, студенттерге тілдік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
The Great Gatsby стиліндегі ерекше кеште студенттер шығармашылық қабілеттерін, таланттарын, білімдерін және сахналық шеберліктерін көрсетті.
Таныстыру, бейнеролик, білім сайысы, таланттар шоуы, сән көрсетілімі және көрермен таңдауы — барлығы бір сахнада тоғысып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.
Сыныптан тыс іс-шараны ағылшын тілі педагогтері Есімқызы Толқын және Әти Гүлфайруз Уәлиқызы ұйымдастырды. Педагогтерге студенттердің шығармашылығын қолдап, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреміз!
AUTUMN BALL 2026 — one evening, countless memories.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі