Бүгін 30.09.2026 жылы Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде антитеррорлық қауіпсіздік шаралары аясында оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.
Арнайы хабарландыру берілгеннен кейін студенттер мен педагогтер белгіленген эвакуация бағыттары бойынша сабыр сақтап, ұйымдасқан түрде колледж ғимаратынан шықты. Қабаттардағы жауапты кезекші педагогтер эвакуация барысын үйлестіріп, қажетті бағыт-бағдар берді.
Оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік алгоритмдері мен ұжымның төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимылы тәжірибе жүзінде пысықталды.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі