«ҰСТАЗ ОҚЫҒАН КІТАП»
2026 жылғы 29 қыркүйекте Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Ұстаз оқыған кітап» шарасы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – педагогтер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, оқылған шығармалар туралы ой бөлісуге мүмкіндік жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және оқырмандық ортаны қалыптастыру.
Шара барысында педагогтер өздері оқыған шығармаларын таныстырып, кітаптан алған әсерлері мен түйген ойларын ортаға салды.
Шараға белсенді қатысып, оқыған шығармаларын жан-жақты таныстырған Айгерім Төлегеновнаға, Ануарбек Манасқа, Сеитова Гүлдариғаға, Алпысбай Бақытжанға, сондай-ақ шараға қатысқан барша педагогтерімізге шынайы алғыс білдіреміз!
Кітап – ойдың азығы, рухани дамудың бастауы!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі