Білім мен тәжірибе тоғысқан жерде болашақ маман қалыптасады!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде әлеуметтік серіктестер оқу үдерісіне белсенді қатысады. Түрлі мамандықтар бойынша кәсіпорын өкілдері студенттерге сабақ өткізіп, өз саласындағы тәжірибесімен бөліседі.
Сондай сабақтардың бірі «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының ВТ-9-25-1 тобында өтті. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласының маманы Марте Станислав Геннадьевич студенттерге Unity/C# бағыты бойынша білім беруде.
Сала маманымен тікелей жұмыс істеу студенттерге алған білімін іс жүзінде қолдануға, мамандықтың қыр-сырын тереңірек түсінуге және кәсіби дамуға ұмтылуға мүмкіндік береді.
Колледж бен кәсіпорын арасындағы серіктестік — еңбек нарығына дайын білікті маман тәрбиелеудің маңызды негізі.
2 қазан — Техникалық және кәсіптік білім беру күні құтты болсын!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі