ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ — ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!
5 қазан — Ұстаздар күні мерекесіне орай Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде педагогтерімізді ерекше ықыласпен қызыл кілеммен қарсы алдық!
Бұл күн — шәкірт жүрегіне білімнің шырағын жағып, әр жастың болашағына бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың көрінісі.
Қызыл кілем, жылы лебіздер, көтеріңкі көңіл-күй мен шынайы қошемет — барлығы да ардақты ұстаздарымызға арналды!
Құрметті педагогтер!
Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі мерейлеріңізді әрдайым үстем етсін! Білім мен тәрбие жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және зор денсаулық тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі