ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАТЫН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗЕРТХАНАСЫ!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде жасанды интеллект зертханасы ашылды!
Цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу – сапалы білім мен инновациялық дамудың маңызды қадамы.
Жаңадан ашылған зертхана педагогтер мен студенттерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде қолдануға, цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға және оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Зертхананың негізгі мүмкіндіктері:
Сабаққа дайындалу және оқу материалдарын әзірлеу;
Бағдарламалау барысында ЖИ құралдарын пайдалану;
Оқу-әдістемелік материалдар дайындау;
Шығармашылық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру;
Жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Орналасқан жері: №02 аудитория.
Зертхананы пайдалану үшін кіреберістегі QR-код арқылы тіркелу қажет.
Жасанды интеллект – болашақтың ғана емес, бүгінгі білім берудің де маңызды құралы!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі