БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «СТУДЕНТ» оқу-тәжірибелік зертханасы ашылды!
2026 жылғы 9 қазанда колледжімізде «Студент» (ЖК «Бейбарыс») оқу-тәжірибелік зертханасының салтанатты ашылуы өтті.
Бұл зертхана – теориялық білімді нақты кәсіпкерлік тәжірибемен ұштастыратын бірегей алаң!
Жоба аясында студенттер кәсіпкерлік қызметтің барлық кезеңдерін тәжірибе жүзінде меңгереді:
Бизнес-жоспар әзірлеу және нарықты талдау;
Жеке кәсіпкерлікті онлайн тіркеу;
Салық режимін таңдау;
Kaspi Pay арқылы касса мен есеп айырысу шотын тіркеу;
1С бағдарламасында жұмыс жүргізу.
Аталған жоба арнайы пәндер педагогі Жаппар Б.К. атына тіркелген «Бейбарыс» жеке кәсіпкерлігі негізінде жүзеге асырылуда.
Салтанатты ашылу рәсіміне колледж әкімшілігі, педагогтер, студенттер және ата-аналар қатысып, жас кәсіпкерлерге қолдау білдірді.
«СТУДЕНТ» зертханасы – жай ғана оқу кабинеті емес, болашақ кәсіпкерлердің алғашқы кәсіби қадамын жасайтын тәжірибе алаңы!
Жобаның басты мақсаты – студенттердің кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, практикалық дағдыларын қалыптастыру және оларды сауда мен бизнес саласындағы нақты еңбек қызметіне даярлау.
Бүгінгі студент – ертеңгі табысты кәсіпкер!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі