Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

ТЕАТР – ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ МЕН РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ ОРДАСЫ!

 Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің А-9-26-2 тобының студенттері топ кураторы Сеитова Гүлдариға Хамитқызының жетекшілігімен театр қойылымын тамашалап, өнер әлеміне рухани саяхат жасады.

 Мәдени іс-шараның басты мақсаты – жастардың өнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын дәріптеу және рухани дүниесін байыту.

 Ұлт ұстазы Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде сұлулық тәрбиесінің маңызын ерекше атап көрсеткен. Осы идеямен үндес театр өнері – жас ұрпақтың сезім мәдениетін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтетін маңызды тәрбие құралы.

 Сахнадағы әрбір көрініс студенттерді терең ойға жетелеп, өмірлік құндылықтарды бағалауға, өнердің тәрбиелік мәнін сезінуге мүмкіндік берді.

Театр – тек өнер ордасы емес, адам жанына ізгілік ұялатып, рухани кемелдікке бастайтын тағылым мектебі!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.